Ресей Қазақстанға Новосибирск облысындағы Сладкое көлін бермегенін мәлімдеді.
Новосибирск облысының заңнамалық кеңес төрағасының орынбасары Андрей Парфенов Сладкое көлін толықтай Қазақстан аумағына өткендігі жайындағы ақпаратты жоққа шығарды. Ол Ресейдің «Комерсант» басылымына берген сұхбатында: «Бұның барлығы қаңқу сөз. Көлдің бір бөлігі біздікі. Бұрын екі ел арасындағы шекара қалай болса, сол қалпында қалды. Қалай ғана еліңнің бір бөлігін өзге біреуге беріп жіберуге болады?» - деген.
Естеріңізге салайық, кеше тамыздың 15-і күні Ресейдің Новосибирск облысына қарасты Купинск ауданының басшысы Владимир Шубников Сладкое көлі толықтай Қазақстан иелігіне өтті деген ақпарат таратқан болатын. Оның бұл мәлімдемесінен кейін жергілікті халық наразылық білдіріп, Шубников БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартқан еді.
Қазіргі уақытта Сладкое көлінің 30 пайызы Қазақстанға, 70 пайызы Ресейге тиесілі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?