Талибан қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трампқа Ауғанстаннан Пентагон әскерін шығаруды талап етіп ашық хат жолдады, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Дональд Трампқа жолданған ашық хатта Талибан қозғалысының өкілдері: «Сіздер Ауғанстандағы соғысты ең озық технологиялармен жабдықталған біріккен АҚШ және НАТО әскерімен жеңе алмадыңыздар. Енді оны жалдамалы содырлар мен аты шулы әскери фирмалар арқылы жеңулеріңіз екі талай. Ауған дағдарысы тек АҚШ бастаған әскерилер елден шығарылғанда ғана шешімін табады. Ауғанстан соғысы сіз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Сол себепті сіз АҚШ-тың президенті ретінде қандайда бір шешім қабылдамас бұрын дұрыстап ойланғаныңыз абзал» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ Ауғанстан дағдарысы бойынша жаңа жоспар құрып жатқанын айтып, алдағы уақытта өз бақылауындағы аумақтарды жеке әскери компаниялардың қарамағына бөліп беруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?