Ирак Күрд автономиялы районының басшысы Масуд Барзанидің мәлімдемешісі 12 тамыз күні берген мәліметінде, Барзанидің бір күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефон арқылы сөйлескенін, сөйлесу барысында Тиллерсоннан Күрд Автономиясының тәуелсіздігі туралы референдумды кейінге қалдыруды өтініш еткенін айтты. Барзани осыдан бұрын 25 қыркүйекте Күрд Автономиясының тәуелсіздік алуы туралы референдум өткізетінін жариялаған болатын. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты жазды.
Мәлімдемеде Тиллерсон АҚШ-тың ұстанымын қайталай атап, референдум ісінде Бағдат билігімен «диалог арқылы» бітім жасауды үміт ететінін айтқан. Алайда, Барзани белгіленген референдум уақыты кешіктірілсе, Күрд Автономиясындағы азаматтардың тәуелсіздік алу үшін оппозициялық күшке айналып кету мүмкіндігі бар екенін айтқан. Барзани сөзінде: «Егер шынымен мұндай жағдай қалыптасса, оған мен жауап беруге шарасыз қаламын» деген пікірін жеткізген.
Барзанидің аға кеңесшісі Ирактың бұрынғы сыртқы істер министрі Хошияр Зебари сол күні кеште Reuters журналистеріне берген мәліметінде: «Референдум уақытында өзгеріс болмады, белгіленген уақытта референдум өтеді», - деді.
Күрд Автономиясы лауазымдыларының айтуынша, референдум Күрд автономиясы басқаратын үш аймақпен шектеліп қалмайтынын, күрдтер мекендеген Бағдат билігіндегі аймақтарда да жүргізілетіні мәлім болып отыр.
Күрдтер Таяу-Шығыстағы араб, түрк, парсылардан кейінгі төртінші ірі этносқа жатады. Батыс Азиядағы тарихы ұзақ халықтың бірі. Орта-Таяу Шығыста шамамен 30 млн күрд бар. Негізінен Түркияның оңтүстігі, Иранның солтүстік батысы, Ирактың солтүстігі, Сүрияның солтүстік шығыс аумағында қоныстанған. Халық саны және тарихынан үлкен халық саналғанымен тәуелсіз мемлекеті жоқ ұлттардың қатарына кіреді. Соңғы бірнеше он жылда тәуелсіздік алу үшін күрестер жүргізгенімен, бұл мақсаттарына жете алмай келген.
Орта Шығыстағы төрт ел арасында Ирактағы күрдтердің автономиясы ең үлкен болып саналады. 2005 жылы Ирактың жаңа Конституциясына сәйкес, Күрд автономиясына өзін өзі басқару құқығы берілген.