АҚШ президенті Дональд Трамп Сүриядағы Күрд қарулы күштері Иранға мұнай сатып отырғанын айтты. Ол мұндай мәлімдемені The New York Times басылымына берген сұхбатында ортаға салған.
Трамп аталған басылымға берген сұхбатында АҚШ қарулы күштерінің Сүриядан шегінуі туралы сұрақтарға жауап берген. «Сүриядан шегініп шығу туралы қарулы күштерге бұйрық бергенде белгілі уақыт ішінде шегініп шығатынымызды айтқанмын. 4 ай ішінде шегініп шығу керек деген шешім болған емес», – деді АҚШ президенті.
Ол және Сүрия жеріндегі ДАИШ-ке қарсы күрес кезінде Құрама Штат бастаған коалиция күштерінен қолдау тапқан Күрд қарулы топтары YPG/PKK ұйымдарының Иранға мұнай сатып отырғанын айтады. Трамп сөзінде: «Оларды Түркияның ұнатпайтынын мен жақсы білем. Басқалар да ұната бермейді. Олардың қолындағы аз ғана мұндайдың Иранға сатылып отырғаны бізді алаңдатады. Біз Иранға мұнай сатуды тоқтатуды талап еттік», – деген.
Аталған күрд қарулы топтарын Анкара тарабы террорлық ұйым деп таныған және елдегі Күрд Жұмысшылар партиясының сырттағы бөлімшесі деп қарайды. Сүрия мен Ирак жеріндегі күрд қарулы топтары мұнайлы аймақтарды иелеген. Қазір Орта Шығыстағы маңызды ойыншылар санасатын күштер болып қалыптасуда. Түркия тарабы күрдтердің егемендік үшін күресі өз территория тұтастығына қауіп төндіреді деп алаңдайды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау