Венесуэлада Оппозиция тарапын қолдағаны және өзіне қарайтын аумақтағы көтерілістерді басу туралы бұйрықты орындамағаны үшін, Каракас қаласының мэрі қызметінен босатылып, 15 айға түрмеге жабылды. Қолға түскен Дэвид Смоленский - соңғы екі аптада қызметінен босатылған, абақтыға жабылған 5-ші мэр.
Дэвид Смоленский - 124 адам қаза тауып не мемлекет тарапынан жазаға ұшыраған Венесуэладағы билікке қарсы көтерілістер кезінде көзге түскен бұрынғы белсенді студент. Сәрсенбі күні оның өзге де белсенділерді жинап, өз ауданында қарсылық қозғалыстарын ұйымдастырғаны белгілі болды.
Каракастағы дәулетті ауданның мэрі Роман Мучачо осы сейсенбіде жұмысынан босап, 15 айға түрмеге жабылу жазасына кесіліп еді.
АҚШ Венесуэла саясаткерлері мен бірқатар азаматтарына қарсы салған санкцияларын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Экономикалық шектеуге ұшырамаған бір ғана сала қазірге Венесуэланың мұнай секторы. Дегенмен АҚШ Венесуэланың онсыз да әлсіреп тұрған экономикасына ауыр соққы болып тиетін мұнай секторына салынатын санкциялар талқылану үстінде екенін мәлімдеді.
АҚШ-тың салқын қарым-қатынасы мен халықтың наразылығының басты себебі - Николас Мадуроның бастамасымен сайланған 545 адамнан тұратын Ұлттық Құрылтайдың жұмысын бастауы. 2015 жылы Конгрессте басым орындарды иеленген Оппозиция енді саяси күшінен айырылды. Өйткені жаңадан сайланған орган қабылдаған заңдар мен шешімдерді Конгресс жоққа шығара алмайды.