АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Кубаның екі дипломаты елден шығарылғанын мәлімдеді. Бұған АҚШ-тың Кубадағы елшілігі қызметкерлерінің ағзасында бірқатар түсініксіз симптомдардың анықталуы себеп болған. Өткен жылдың соңынан бастап, Кубадағы АҚШ дипломаттары есту қабілеттерінен айырыла бастаған, - дейді баспасөз хатшысы Хейзер Нойерт.
АҚШ Үкіметі Кубадағы өз азаматтарының үйлерінің сыртына есту қабілетін төмендететін дыбыс толқындарын таратушы құрылғылар орнатылған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бұл тылсым оқиға әсерінен өміріне қауіп төнген дипломаттар тіркелмесе де, АҚШ бірнеше қызметкерін елге қайтарып алды.
Кубаның Сыртқы істер министрлігі бұл айыптауларға еш қатысы жоқ екенін айтып, "Куба жерінде ешқашан аккредитациядан өткен дипломаттарға қарсы қандай да бір әрекет жасалуына жол берілмейді", - деп мәлімдеді.
Қазір АҚШ бұл оқиғаға қатысыт өзінің зерттеу жұмыстарын бастады. Куба өз кезегінде, келеңсіз жағдайдың ақ-қарасын ажыратуға өзіндік үлесін осуға уәде берді.
2015 жылы АҚШ пен Куба арасында дипломатиялық қарым-қатынастар қайта жандана бастағанға дейін, олардың арасында 50 жыл бойы "жабық шекара" режимі болған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?