Жапониядағы Фукусима атом электр стансасы орнынан жарылмаған бомба табылды. Оны жақын маңда автокөлік тұрағы құрылысын жүргізіп жатқан жұмыскерлер тапқан. Болжам бойынша, 89 метрлік жарылғыш затты Жапонияға Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ тастаған. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
2011 жылы бұл жерде болған жер сілкінісі салдарынан атом реакторы жарылып, 10 мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланған болатын. Тokyo Electric Power Co (Tepco) компаниясына қарайтын аумақтағы апатты оқиға 1986 жылғы Чернобыль апатынан кейінгі екінші ең ірі жарылыс болды.
Tepco-ның мәліметінше, жарылғыш зат табылғаннан кейін, бұл жер қоршауға алынып, арнайы мамандар шақырылып, жұмыс тоқтатылған. Дегенмен, бұл Жапонияда 70 жыл бұрын тасталып, жер астында жылдар бойы жатса да, жарылмаған бомбалардың бірінші рет табылуы емес.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?