Оңтүстік Азия өңірінде әлем халқының бестен бір бөлігі өмір сүріп жатыр. Алайда, жақында АҚШ-тың «Ғылым прогресс» журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижесінде көрсетілуінше, ғасырымыздың соңына барғанда, Оңтүстік Азиядағы аптап ыстық адамзат өмір сүру мүмкіндігінің ең жоғары шегіне жетеді екен. Бұл туралы Қытайдың «Халық газеті» басылымының онлайн қызметі хабарлап отыр.
Аталған зерттеуді Гонконг Ғылым-технология университетінің доценті Лин Иншун (Lin Yinshun) мен Массачусетс технологиялық институтының профессоры Фатих Элтаһирдің селбесе жүзеге асырған. Олардың айтуынша, егер, жарақсыз газ шығарындылардың тарауын азайтпаса, онда бірнеше он жылдан кейін-ақ, Үндістан, Пәкістан және Бангладеш қатарлы елдердегі жоғары температура адамның өмір сүру шегінен асып кетеді деп отыр. Зерттеушілер климаттың жылуы жалпы температураға ғана емес, ылғалды ауаның мөлшеріне де әсер етіп, «ылғал термометр температурасы» қалыптасады деп қарайды.
Термометр температурасы адамның ағзасының салқындық сақтауына мүмкіндік бермейтіндіктен, қалыпты дене температурасын ұстап тұру қиынға соғып, адам өмір сүруіне қауіп төнеді. Қағыр ыстық 50С° көтерілсе де адам дене температурасын сақтап тұруға болады. Ал, ылғалды ыстық ауа 35С° болған кезде, қорғау шараларын пайдаланған күннің өзінде, бірнеше сағатта адам жан үзеді екен.
Соңғы бірнеше он жылдықтарды алып қарағанда, Жер бетіндегі өте санаулы орындарда ғана ылғалды термометр температурасы 31 С°-тан асқан екен. Алайда, компьютерлік модельдеу көрсетуінше, егер парниктік газ шығарындыларын азайту ісін айтарлықтай қолға алмаса, Оңтүстік Азияның көптеген елдерінде ылғалды температура 35С°-тан асып, адам өмір сүре алу мүмкіндігінің шегіне жететін болады.