Мәскеу – 11 қаңтар сәрсенбіде хабарлама жариялап, Ресей Доналд Трамптың жеке басындық құпияға қол сұғып отыр дегенді теріске шығарды. Еске сала кетсек, екі күн бұрын АҚШ Қауіпсіздік және барлау органының екі қызыметкері өз президенттеріне (Барак Обама мен Доналд Трампқа) мәлімдеме жасап «ресейлік хакерлер Трамптың жеке басындық құпияларына қол жеткізіп отыр, оның ішінде Трамптың жұртқа жариялай алмайтын өрескел қылықтары да бар» деген болатын. Бұл туралы The New York Times-та көлемді мақала жарияланды.

Ресей жақ бұны теріске шығарды және Ресей-АҚШ қарым-қатынасын бүлдіру үшін жасалған «шатпақ» деп бағалады. Кремль бас хатшысы Дмитрий Бесков тұрақты баспасөз мәслихатында: «Кремль Трамптың жеке басына саятын қандай да бір сөлекет материялдарға қол жеткізген жоқ. Бұл туралы айтылған сөздер шындыққа сәйкес келмейді, барлығы ойдан құрастырылған фантазиялық әңгіме», -  деп салды. «Кейбір адамдар арандату үшін мұндай қитұрқы әрекеттер ойлап табады. Олар әркүні жоқ жерден «жалмауыз» тауып жатады. Бұл бір жағынан Трамптың ешқандай негізі жоқ сөзге сенуі», - деді Дмитрий Бесков.

Екі күн бұрын Доналд Трамп өзінің Twitter парақшасына « Ресей органдарының мұндай материялдарды жинауы болашақ бопсалау үшін жасаған әрекеті. Жалған ақпараттардың бәрі саясаттағы «жалмауыз аулаумен» бірдей», - деп жазған болатын.

АҚШ Баралау қызметкерлерінің айтуынша Ресей 2013 жылы Трамптың Мәскеудегі қонақ үйде сыбайбикешпен көңіл көтерген кезінде түсірілген кескінге қол жеткізіп отыр, бұл нағыз компромат болып саналады. Бұны орыс БАҚ-ы сес көрсетудің құралы ретінде пайдалануы мүкін деп отыр. Бұл материялдарды отставкадағы британдық агент дайындағаны да мәлім болды. Бұл үшін ресейлік желілер мен өзгеде құпия ақпараттарды пайдаланған делінді.

Трамп ресми таққа отыруға дейін Ресейдің АҚШ демократиялық сайлауға араласқанын да мойындамай келгенін, өзіне түсетін саяси қысымдар мен Барлау органынан қол үзіп қалмас үшін ресми марапаттаудан ілгені бұны ашық мойындағанын да осы аптаның басындағы мақалаларымызда айтқан болатынбыз. Трамптың президенттікке келуі әлемді осы қатарлы саяси әңгімелерге толтырып жіберді. АҚШ жұртшылығы Трамптың саясатының тұрақсыз болуынан алаңдаса, Қытай, Ресей, Еуропа сынды елдерге АҚШ-тың алдағы геосаясаттағы ұстанымы маңызды болып отыр. АҚШ экономикасына жебеуші болады деп жорамалданған Трампты көптеген сарапшылар теріске шығарып отыр. Мейлі қалай болса да Трамп 2017 жылды дабыралы саяси ойынмен бастап отыр.

“The Qazaq Times”