Соңғы он жылда Қазақстаннан 10 млрд доллар ұрланған және заңсыз шығарылған, деп хабарлайды Бас Прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, осы факті бойынша 36 қылмыстық іс қозғалған.
"Біздің бұл істегі әлсіз тұсымыз - білікті тергеушілердің болмауы. Олар шет мемлекеттерге сұранысты дұрыс жібере алмайды, активтерге бұғат қоюды және оларды елге қалай қайтарудың жолын білмейді. Шетелдік әріптестермен тығыз байланыс жетіспейді", - деп атап өтті ведомстводан.
Ал бұл мәселелер бойынша 2016 жылдың қазан айында активтерді қайтару жобасын жүзеге асыру жұмысы басталған.
"Енді біз шетелдік құқық қорғау органдарымен ақпаратпен алмасу жылдам болу үшін Еуропа мен Азиядағы ақпарат алмасатын әлемдік желілерге қосылдық. Құзыретті органдармен бірге шетелдгі қылмыстық жолмен болған кірістерді қайтарудың методикасын жасадық", - деп түсіндірді Бас Прокуратура.
Сондай-ақ, ведомство бірігіп істелген жұмыстар нәтижесінде 60 млн долларға тосқауыл қойылғанын атап өтті. Енді осы қаражатты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұл 10 млрд доллар қылмыстық жолмен шығарылған қаржының тек бір бөлігі болуы мүмкін. Офшорлы аймақтарға да біраз қаражаттың жылыстап кетуі ғажап емес.