Монғолия президенті Халмаагаийн Баттулга тамыздың 2-сі күні Халықаралық валюта қоры кеңесшілер тобының басшысы Коши Матай мен ХВҚ Монғолиядағы тұрақты өкілі Нэйла Сакерамен кездесті, деп хабарлайды Монцамэ ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Халмаагийн Баттулга: «Жаңа өнім өндіріп, оны экспортқа шығармай мемлекетті көркейтіп, экономиканы дамыту мүмкін емес. Шикізат бағасының өсуі экономикаға уақытша ғана серпіліс береді. Халықаралық валюта қоры осы тұрғыда ел үкіметіне өзінің көзқарасын, ақыл-кеңесін беруі тиіс» - деді.

Өз кезегінде Халықаралық валюта қорының өкілдері Монғолия президентіне, ел бюджетінің өсімі жоғары кезде қаржыны жинақтап, мемлекеттің валюта қорын ұлғайту керектігін айтқан.

“The Qazaq Times”