Халықаралық валюта қорының басқарушысы Кристин Лагард отставкаға кету туралы шешім қабылдады.
Отставка туралы шешім 12 қыркүйекте күшіне енеді. Лагард өзі қалдырған мәлімдемеде: «Мен атқарушы кеңеспен кездестім және 12 қыркүйекте күшіне енетін, отставкаға кететіндігім туралы өтініш жаздым. Дэвид Липтон біздің өкімші-директор міндетін атқарушы болып қалады», – деген. Оның пікірінше, мұндай қадам валюталық қордың басшысын тезірек сайлап алуға мүмкіндік береді.
Кристин Лагард қорды 2011 жылдың қыркүйегінен бері басқарып келеді. Осыдан екі апта бұрын Еуроодақ көшбасшылары Лагардты Еуропаның Орталық банкінің басқарушы-директоры қызметіне ұсынды. Еуропарламент депутаттары бұл таңдауды қолдаса, Лагард орталық банкті басқарған алғашқы әйел атанбақ.