Осы ғасырдың соңына қарай ғаламдық температура 2 Цельсий градусқа немесе Фаренгейт бойынша 3,6 градусқа жоғарылайды. Бұл туралы Nature Climate Change журналының соңғы санында екі бірдей зерттеу қорытындысы негізге алынып, жазылды.
Зерттеулер қоршаған ортадағы жыл сайын артып отырған көмірқышқыл газының үлесін, демографиялық өсім мен тұтыну процесінің артуын есепке алған. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы уақытқа дейін климаттық өзгерістер (табиғи апаттар), қоршаған ортаның ластануы мен одан туындайтын аурулардың әсерінен 12,6 млн адам өлген. 2030-2050 жылдар аралығында температураның артуы мен жаһандық климаттық ауытқулар тағы 250 мың адамның өліміне себепкер болуы мүмкін.
Ғалымдар жер шарының тепе-теңдігін сақтап қалу үшін жасыл экономикаға тартылатын инвестиция көлемін арттыру қажет деп есептейді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?