2017 жылдың басынан бері 15 мың қазақстандық тұрғылықты жерлерін ауыстыру бойынша құжаттарын тапсырған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Министрліктің мәліметінше, осы уақытқа дейін Ресейге 13,2 мың, Германияға 1,2 мың, Беларусьқа 75, Канадаға 28, АҚШ-қа 72 адамға кетуге рұқсат берілген. 2016 жылы 29,7 мың кету құжаты берілген.
Ал Қазақстанға келуге ниет білдіргендерге келер болсақ, ведомство ақпаратынша, 8271 азамат Қазақстанда тұрақты тұру үшін өтініш берген. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда тұруға берілген рұқсаттар саны 40 пайызға азайған. 8149 шетелдікке тұрақты тұруға рұқсат берілген.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі елден кеткен көшіп-қонушылардың саны 4,0% көбейіп, 10 975 адамды құрағанын мәлімдеген.
Ал 2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адамды құрады.