Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017-2024 жылдары сүрілуі тиіс ескі үйлерге қатысты жасалған жаңа бағдарлама бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Бағдарлама аясында қала аумағындағы 1034 ескі құрылыс қайта жаңартылмақ. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Байбекке осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсаратыны айтылған.

Сондай-ақ, қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етілме. кОл үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысы ескі үйлерді жаңартамыз дегенмен, оның сапасы қандай болары белгісіз. Себебі қазіргі уақытта Алматыда салынып жатқан жаңа үйлердің сапасы ескі үйлерден де төмен екені белгілі. Оған Алғабас ауданынындағы құлағалы тұрған көпқабатты тұрғын үй мен жаңбыр жауса болды төбесінен су тамшылайтын жаңа үйлер дәлел.

“The Qazaq Times”