Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбековтың қызметтік мансабын 2022 жылға дейін ұзартты.

Назарбаев президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың қызметтік мансабын ҚР мемлекеттік қызмет заңына сәйкес 2022 жылдың 26 шілдесіне дейін ұзартты.

Осылайша президент шілденің 26-сы күні зейнеткер жасына келетін Жақсыбековке тосын сый жасады. Енді ол 68 жасқа дейін алаңсыз мемлекеттік қызметте жүре алады.

Әділбек Жақсыбеков бұған дейін Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасының РФ елшісі, Қорғаныс министрі, ҚР мемлекеттік хатшысы, «Астана ЭКСПО-2017»  төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың 21 маусымында Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.

“The Qazaq Times”