2017 жылдың қаңтар-мамыр айында төленген салық есебінен Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 2,8 трлн теңге түскен. Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда жинақ көлемі 14%-ға өскен.
Жылдық жоспар 42%-ға орындалса, осы жылдың жоспары 5,3%-ға артық орындалған. Сондай-ақ, табыс салығы - 986 млрд теңге (+6%), ішкі салық 991 млрд теңге (+18%), халықаралық саудаға салынған салық 443 млрд теңге (+27%), әлеуметтік салық — 230,4 млрд теңге (+11,3%), жекеменшік салық — 138,3 млрд теңге (+17,5%) болды. Мұндай мәліметті ranking.kz агенттігі келтіріп отыр.
Жалпы салық түсімдеріндегі екінші деңгейлі банктердің үлесі 3%-ды құрайды. Қазақстандағы 36 банктің 21-і ірі көлемде салық төлеуші банктер қатарында.
Сонымен осы жылдың 5 айында екінші деңгейлі банктер бюджетке 96 млрд теңге төлеген. Төленген салықтың ең көп бөлігі яғни 55%-ы Qazkom-ға тиесілі, 28,8 млрд теңге салық төлеген. Ал Халық банктің төлеген салығының көлемі 24,2 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, көп салық төлеген банктердің бестігіне Цеснабанк кірді. Аталған банк осы жылдың 5 айында 6,3 млрд теңгеге салық төлеген. ЦентрКредит 3,6 млрд теңге, Хоум Кредит 3,5 млрд теңге төлепті.