2017 жылдың маусымында қазақстандық мұнайдың бағасы тоннасына 43,1 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері отандық қара алтын 11 пайызға қымбатаған.
Ең қымбат мұнай Қызылорда облысында өндіріліп отыр. Бұл өңірдің мұнайының тоннасы 60,1 мың теңгені құрайды және жыл басынан бері 13,5 пайызға қымбаттаған. Ал Ақтөбе облысының қара алтынының тоннасы - 69,7 мың теңге, Атырау облысынікі - 41,1 мың теңге (9 пайызға жоғары) Маңғыстау облсынікі - 39,1 мың теңге (9,7 пайызға жоғары).
Сондай-ақ, бензиннің тоннасы елімізде орта есеппен 128,2 мың теңгені, баға 3,3 пайызға артқан. Дизель отыны 125,6 мың теңге (өсім 13,4 пайыз), қысқы дизель отыны - 129 мың теңге (өсім - 0,5 пайыз), мазут 34,7 мың теңгені құрайды.
Қазақстанның экономикасы үшін мұнайдың қымбат болуы дұрыс шығар. Бірақ біз мұнымен әлі де мұнайға тәуелді ел екенімізді дәлелдеп отырмыз. Энергетика нарығын дамытамыз деп ЭКСПО-2017 көрмесін өткізгенімізбен, оны қолға алуға ешбір әрекет жасап отырмағанымыз белгілі.