Енді Оңтүстік Корея қазақстандық туристерді қатаң тексереді

Оңтүстік Корея елге келетін қазақстандық туристерді қатаң тексеруді қолға алып жатыр. Корея тарапынан жасалған мәлімдемеге сенсек, мұндай қатаң шаралар елдегі заңсыз қазақстандық мигранттардың көбеюі себепті енгізіліп отыр. 

"2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан мен Корея арасында енгізілген визасыз режим келісімі еңбек нарығына араласпайтын азаматтарға арналған. Алайда осыған қарамастан Қазақстан азаматтары жұмысқа тұру үшін визасыз режиммен Кореяға келеді. Осы себепті Кореяда заңсыз мигранттар көбейіп кетті. Осыған байланысты Кореяның иммиграциялық органдары елге келген Қазақстан азаматтарын қатаң тексеру туралы шешім қабылдады", - дейді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі  Ким Дэ Сик.

2017 жылдың наурыз айының соңындағы мәліметтер бойынша Кореяда Қазақстаннан келген заңсыз мигранттардың саны 4168 адамды құраған. Ал визасыз режим туралы келісім жасалғанға дейін, яғни 2014 жылы олардың саны 359 адам болған. Осылайша Оңтүстік Кореядағы заңсыз қазақстандық мигранттардың саны 11 есеге көбейген.

“The Qazaq Times”

Ұқсас жазбалар