Американлық жазушы Стивен Кинг өзінің твиттер парақшасында Дональд Трампты «Фейк президент» деп атады.

Жақында Трамптың CNN арнасын айыптап фейк (жалған) ақпарат таратады деген сөзіне жауап ретінде Стивен Кинг өзінің твиттер парақшасына «Жаңалықтар шын, президент фейк» - деп жазған.

BuzzFeed ақпарат көзінің мәліметінше, бұған дейін Дональд Трамп твиттерде Стивен Кингті қара тізімге кіргізіп жіберген.

Әзірге Стивен Кингтің Трампқа байланысты жазған бұл жазбасына Ақүй ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған.

“The Qazaq Times”