АҚШ президенті Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынның көзін жоюға уәде берді.
Жақында Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади Мосул қаласын «Ислам мемлекеті» содырларынан азат еткендіктерін мәлімдеді.
Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак үкіметін құттықтап, «Соңғы алты айда біз «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен күресте осы уақытқа дейін жетпеген жетістіктерге қол жеткіздік. Біз алдағы уақытта да «Ислам мемлекеті» ұйымынның көзін жоюға жұмыс жасайтын боламыз. Мосул қаласында «Ислам мемлекеті» содырларының жеңіліс табуы бұл террорлық ұйымның Сүрия мен Ирак аумағындағы күндерінің біткендігі» - деді.
Үш жыл бойы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының иелігінде болған Мосул қаласын азат ету операциясы 2016 жылдың қазан айында басталған. Мосулды азат етуге АҚШ әскерилерінің арнайы жасағы, федералды полиция және Ирак қарулы күштері қатысқан болатын.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі