Қытайдың Алтай аймағында да біраз тыва туысқандар бар. Ұлттық салт-дәстүрін ұлықтап тұрады. Жаңа жылда олар спорт мерекесіне қатысып, садақ атудан жарыс өткізді. Бұл туралы «Алтай ақпарат» торабы хабарлайды.
Садақ ату тывалар үшін үлкен өнер, өлмес дәстүрдің бірі. Содан болар, әлі күнге садағын тастамай, жебесін жанып жүргені. Кезінде қалай болғанын кім білсін, қазір олар мергендіктерін сиыр терісінен жасалған допты атумен өлшейді. Алдымен, мұз үстінен көлемі алты метр болатын шеңбер сызады. Әлгі допты шеңбердің ішіне қойып, садақшы отыз метр қашықтықтан атып, допты шеңберден шығару керек. Бұны мергенмін деген жігіттер ғана істей алады екен.
Қазір ешкім садақ атып, күнделікті тұрмыста істетпегенімен, тывалар әр жылғы мерекеде осындай жарыс ұйымдастырып, ертедегі жауынгерлік, аңшылық өмірлерін еске алып тұрады.
"The Qazaq Times"


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді