Өзбекстан милициясы 1 тамыздан бастап ақылы қызмет түріне көшеді. Бұл жайында Өзбекстан министрлер кабинеті өзінің ресми сайтында жариялады.
Тамыз айынан бастап Өзбекстанда қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін өзбек милициясын жергілікті кәсіпкерлер қаржыландыратын болады. Атап айтқанда Өзбекстан милициясы саябақтардың, ойын-сауық орталықтарының, базарлардың тыныштығын қамтамасыз еткені үшін оларға кәсіпкерлер өз қалтасынан жалақы төлейді.
Заң жобасы ел президенті Шавкат Мирзиеевтың 12 сәуірде шығарған жарлығы бойынша дайындалған.
Бұл дегеніміз егерде заң жобасы күшіне енетін болса, онсызда Өзбекстан халқының салығынан түскен қаржыға жалақы алып келген милиционерлер енді жеке кәсіпкерлердің есебінен де жалақы алатын болады деген сөз.
Қазірдің өзінде заңдағы бұл өзгеріс күшіне енбей жатып Ташкент қаласындағы бірқатар саябақтар ақылы қызметке көшкен.