Украина ішкі істер министрінің орынбасары Илья Кива Украинада «қызыл террор» жасайтынын мәлімдеді.
Украина социалистер партиясының басшысы Илья Кива өзінің Facebook парақшасында «Менің басшылығыммен партия Украинадағы олигархтарды құртуда тиімді қару бола алады. Украина олигархтарына «қызыл террор» болсын» - деп жазған.
Бұған дейін Украина парламентінің «Өзі көмек» фракциясының басшысы Олег Березюк «Украинаны бандиттер, олигархтар және өтірікшілер басқарып отыр» - деп мәлімдеме жасап. Орталық атқару билігінің жұмысына наразылығын білдіріп аштық жариялаған болатын.