АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің твиттер парақшасында Ресей Президенті Владимир Путинмен өткен келіссөз барысында талқыланған киберқауіпсіздік бойынша жұмыс тобының құрылуы екіталай деп мәлімдеді.
Дональд Трамп: "Мен Президент Путинмен талқылаған киберқауіпсіздік бойынша жұмыс тобы міндетті түрде құрылады дегенді білдірмейді".
Қос елдің президенті өткен жұмада Гамбургте өткен "Үлкен жиырмалықтың" саммитінде кездескен еді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 2 сағатқа созылған келіссөздер барысында Америка мен Ресей арасында бір-бірінің ісіне араласпау және киберқауіпсіздік бойынша келісімге келу үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды деп хабарлаған болатын.