Швейцариядағы "Бүкіләлемдік экономикалық форум" үкіметтік емес қоры "2017 жылғы саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі туралы" баяндамасында туристер үшін ең қауіпсіз елдердің рейтингін жасады.
Рейтингке қатысқан 136 мемлекеттің терроризм мен қылмыс деңгейі зерттелген. Қазақстан аталған рейтингте 58-орынға тұрақтап, Франция (67-орын), Италия (70-орын), Ұлыбритания (78-орын) және АҚШ (84-орын) мемлекеттерін артта қалдырды. Ең қауіпсіз елдердің көшін бастап тұрған үш мемлекет: Финляндия, Біріккен Араб Әмірліктері және Исландия.
Қазақстандықтар демалыс аймағы ретінде жиі таңдайтын Түркия 116, Таиланд 118, Египет 130-орынға ие болып, туристер үшін қауіп-қатер деңгейі жоғары мемлекеттер санатына енді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?