Павлодарда Астана күніне орай жаңа жағалау ашылды. Құрылысына 500 млн теңге жұмсалған жағалаудың жаңа бөлігінің ұзындығы 4 км құрайды.
Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов: "Елорданың атаулы мерекесіне орай ашылған жағалау қала тұрғындары үшін үлкен тарту болды. Халықтың көптен ойында жүрген жағалауды ары қарай созу жұмыстары жалғасатын болады" - деді.
Жағалаудың жаңа бөлігінің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілген жағалауды салу жұмыстарын мердігер компания мерзімінен ерте аяқтады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды