Бүгін - Қазақстанда Астана күні мерекесі. Бұл мереке бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілуіне байланысты 10 маусымда аталып өтетін.
Ал 2008 жылдан бері мереке Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланды. Осылайша «Мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерден соң 2009 жылдан бастап шілденің 6-сы мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп келеді.
Ендеше барша қазақстандықтарды 19-шы рет келіп жеткен Астана күні мерекесімен құттықтаймыз. Президент айтып кеткендей «қабырғасымен ғана емес, адамдарымен де көрікті» Астана секілді жас қаласы бар еліміздің болашағы жарқын болсын! Керегесі кең, экономикасы тұрақты, саясаты сыр бүкпес, ешкімге тәуелсіз ел ретінде қалыптаса берейік!


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?