Германияда шілденің 7-8 күндері алағында өтетін G20 саммитіне шабуыл жасамақ болған азамат ұсталды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, құқық қорғау органдары екі ер азамат иелігіндегі үйді тінту барысында ғимараттан әр түрлі калибрдағы қарулар мен белгісіз химиялық заттар тапқан.
Полиция қызметкерлерінің тергеуінен кейін ұсталған ек азаматтың біреуі босатылған. Ал екінші азамат G20 саммитіне шабуыл жасамақшы болды деген күдікпен қамауда қалған.
Естеріңізге салайық G20 саммиті Германияның Гамбург қаласында шілденің 7-8 күндері аралығында өтеді.