Маусым айында Қазақстанның ірі қалаларында екінші деңгейлі үйлер арзандағанмен, өңірлерде керісінше баға жоғарылаған. Бұл туралы Homsters.kz сарапшылары мәлімдеп отыр.
Екінші деңгейлі тұрғын үйлердің бағасы Астана (0,9% немесе 324,7 мың теңгеге дейін), Алматы (на 0,6%, 347 мың теңгеге дейін) және Шымкентте ( 1,5%ғ 202,3 мың теңгеге дейін) арзан. Ал Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар қаласында екінші нарық үйлерінің бағасы 1%-дан 6%-ға дейін қымбаттаған. Аталған қалалардағы орташа өсім 2,5-3%-ды құрады.
"Маусым айында екінші нарықтағы үйлердің бағасына біріншіден теңге курсының төмендеуі әсер етті. Ал ірі қалаларда және кейбір өңірлердегі жағдай әртүрлі. Мысалы ірі қалалардағы сатушылар объектілердің бағасын теңгемен белгілеген. Сондықтан теңгенің құбылмалығы аса байқала қойған жоқ. Оның үстіне нысандарын сатуға қызығушылық танытқандар бағаны арзандатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Алматы және Астана қаласындағы үйлердің доллар эквивалентіндегі бағасы шамамен 5-6%-ға арзандады", – деді Homsters.kz сарапшысы Мария Рен.
Оның айтуынша, өңірлердегі сатушылар әлі де болса тұрғын үйдің бағасын америкалық валютада белгілейді. Сондықтан доллардың қымбаттауы екінші деңгейлі үйлердің бағасын бірден көтеріп жібереді.
Сондай-ақ, сарапшы шілде және тамыз айында мұнай бағасы мен теңге тұрақты болған жағдайда республикадағы барлық ескі тұрғын үйлердің бағасы арзандауын жалғастырады дегенді айтады. Тіпті жаз соңына дейін екінші нарықтағы баға 2-4%-ға дейін төмендеуі мүмкін.