Франция полициясы ел президенті Эммануель Макронға жасалмақшы болған қастандықтың алдын алды.
Франция полициясы ел президенті Эммануель Макронға жасалмақшы болған қастандықтың алдын алғандығын мәлімдеді. BFM телеарнасының хабарлауынша, 23 жасар Париж тұрғыны Макронға қастандықты шілденің 14 күні өтетін ұлттық шеру кезінде жасамақшы болған.
Күдікті полиция назарына ғаламторда қару сатып алғысы келетіндігін жазғанан кейін түскен. Ол бұған дейін 2016 жылы ғаламтарда террорлық акт жасағысы келетіндігін айтып жұрт назарын өзіне аудартқан болатын.
Күдіктіні ұстау барысында ол полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Тексеру барысында оның автокөлігінен екі бірдей пышақ табылған.
Қазіргі таңда Франция құқық қорғау органдары осы іске байланысты қылмыстық іс қозғалған.