Шілденің 2 күні Сүрия орталық банкі Башар Асадтың суреті бейнеленген 2000 сүриялық фунтты(шамамен 3,9 доллар) айналымға жіберді.
Сүрия орталық банкінің төрағасы Дурайд Дурамның айтуынша, Асадтың бейнесі бар ақшаны осыдан екі-үш жыл бұрын айналымғы жібермекші болған. Бірақ ол кезде елде соғыс пен инфляция деңгейінің шарықтап кетуіне байланысыты бұл бастама кейінге қалдырылған екен.

Фото: ВВС
Бұған дейін сүриялық 1000 фунттық банкнотада Башар Асадтың әкесі Хафиз Асадтың суреті бейнеленген еді. Ал 2000 фунттық банкнот бұған дейін айналымда болмаған. Хафиз Асад Сүрияны 1971-2000 жылдары аралығында басқарған.
2011 жылы елде азамат соғысы басталмай тұрғанда Сүрияда 1 доллар 47 фунт болған болатын. Ал қазір 1 доллар 500 фунтты құрайды.
Естеріңізге салайық 2016 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген мерейтойлық 10000 теңгелік банкнота шығарған болатын.

Фото: proof.kz


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер