Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трампқа телефон соғып, Сүрия тақырыбында кеңесті деп хабарлайды «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты. Олар бір ауыздан, егер Башар Асад билігі химиялық қару қолданса онда бұл режимге бірлесе қарсы тұратындарын айтқан.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің екі күн бұрын жасаған мәлімдемесінде Сүрия режиміне тиесілі Шайрат әуе базасында жаңа әрі ауқымды химиялық шабуылға дайындалып жатқаны туралы анықтағандарын айтты. Бұл әуе базасы 6 сәуірде АҚШ әскери күштері зымыран шабуылын жасаған база болып табылады.
Франция президенті Макрон телефонда Трамппен Сүрия тақырыбында әңгімесі жарты сағатқа созылған. Тараптар химиялық шабуылдарды болдырмау, болған жағдайда Сүрия билігіне күшті қысым жасау туралы пікір бірлігіне келіп отыр. Бұл аладағы Сүрия жағдайын қайталай шиеленіске алып келуі мүмкін.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау