ҚР Ұлттық компанияларының табысы осы жылдың басынан бері бірден артқан және соңғы 1,5 жылдағы ең жоарғы көрстекішке ие болып отыр.
Finprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 тоқсанынының нәтижесі бойынша ұлттық компаниялар жалпы алғанда 131,6 млрд теңге таза табыс тапқан (салық төленгенге дейін). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге, 48,7 млрд теңгеге жоғары.
Ұлттық компаниялар бұдан жоғары табысқа, 138,4 млрд теңгеге 2015 жылдың соңғы тоқсанында қол жеткізген.
Квазимемлекеттік секторлар табыстың мұндай деңгейіне түсім көлемін арттырып, шығындарды қысқарту есебінен жетті. Сонымен қатар, шығындарды оңтайландыру биылғы жылы табыстың өсуі қарқынынан да жоғары болып отыр.
2017 жылдың 1 тоқсанында ұлттық компаниялардың қызметі бойынша шығындар 18,1%-ға немесе 71,1 млрд теңгеге қысқарған. Ұлттық компанияларда шығындарды мұндай деңгейге дейін қысқарту соңғы 5 жылда болмаған.
Сондай-ақ, кіріс көлемі қаңтар-наурыз айында 2,7%-ға немесе 11,7 млрд теңгеге өскен. Алайда ұлттық компаниялардың жалпы бюджетінің кіріс құрылымын қарар болсақ, кіріс өсімі олардың қызметінің жоғары белсенділігінен және үшінші бір тараптың қолдауынан болмағанын көруге болады.
Мысалы осы жылдың 1 тоқсанында сатылымнан түскен түсім 242,5 млрд теңге көлемінде болған және көрсеткіш өткен жылға қарағанда 16,2%-ға ( 46,9 млрд теңге) аз.
Сонымен қаржының артуы басқа да кіріс көздері арқылы, яғни акционерлердің көмегі арқылы жүзеге асқан. Бір жыл ішінде мұндай кірістердің көлемі 3,6 есеге немесе 101,9 млрд теңгеге артқан.