«Қазақстан Даму Банкі» АҚ және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС бұрын қол қойылған кредиттік келісім шеңберінде 32,5 млрд теңге (100 млн АҚШ доллары) сомасына алғашқы траншқа банктік қарыз шартына қол қойды, деп хабарлайды "Қазмұнайгаз - Өңдеу және маркетинг" компаниясы.
Банктік қарыз 2017 жылғы 19 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау жобасын іске асыру үшін кредиттік желіні ашу туралы Келісімге сәйкес берілді.
Қарыздың жалпы сомасы 932 млн АҚШ долларын құрайды және 13 жыл мерзімге беріледі.
Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту және реконструкциялау екі кезеңмен іске асырылады. Қазіргі уақытта кепілдемелік эксплуатациялық көрсеткіштерге жете отырып, жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталуда. Осы жылғы 30 маусымда бірінші кезеңнің соңғы технологиялық нысаны – изомеризация қондырғысы пайдалануға енгізіледі, нәтижесінде К4, К5 экологиялық кластардың (Еуро-4 және Еуро-5 аналогтары) жоғары октанды бензині мен дизель отыны шығарылатын болады.
Жобаның екінші кезеңі – технологиялық жағынан аса күрделі. Ол зауыт қуатын жылына 6 млн тонна мұнайға дейін және оны өңдеу тереңдігін ұлғайтуға бағытталған. Кезең жоғары октанды мотор отындарын алумен қуаты жылына 2 млн тонна мұнайды терең өңдеуге арналған каталитикалық крекинг кешенін салуды қамтиды.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы салынды. Зауыт Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыттары шығаратын мұнай өнімдерінің жалпы жылдық көлемінен 30%-ын өңдейді.
ШМӨЗ-ді жаңғырту 2011 жылы ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде басталды.
«ҚМГ-ӨМ» АҚ мен CNPC зауыттың 49,72% үлесінен иемденеді, акциялардың 0,57%-ы миноритарийлерге тиесілі.