АҚШ-тағы EcoHealth Alliance ғылыми зерттеу орталығы «Әлемнің қауіпті картасын» түзіп шықты. Онда Оңтүстік Америка құрлығында болашақта адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндіретін көптеген вирустардың бар екені туралы көрсетілген. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.

Жарғанаттан адамға вирус тарауы ең қауіпті аймақ (Қызыл түсті). Фото: BBC.

EcoHealth Alliance ғылыми зерттеу орталығы вирус алып жүретін сүтқоректілерді, олардың адаммен болған қатынасын және вирустарға ғылыми зерттеулер алып барған. Нәтижесінде адамдарға ең қатерлі вирустарды сүтқоректілер арасынан алып жарғанаттар көбірек тасымалдайды деп көрсетті. Ғалымдар өздері жағынан топтастырылған мәліметтердің СПИД вирусы, эбола және жаңа тұмау эпидемиясы болдырмау үшін пайдаланылуға болады деп қарайды. Оған қоса зерттеушілер заманымызда пайда болып отырған ең қатерлі жұқпалы ауырулардың вирустары адамдарға сүтқоректілерден соның ішінде ет қоректілер, қан сорғыш жарғанаттардан және шимпанзеден жұққанын алға тартуда.

Қауіпті вирустарды алып жүруші алып жарғанат. Фото: BBC.

EcoHealth Alliance орталығының басты мақсаты алдағы уақыттардағы жаңа эпидемия әлемнің қай өңірлерінен таралу мүмкіндігін тауып шығу. Бұл жауапты табу үшін олар әзірге дейін белгілі болған 586 вирусты қатарға тізді. Бұл қатерлі вирустарды сүт қоректілердің 754 түрі өзімен алып жүретінін анықтады. Жануарлардан адамға жұғатын вирустар 188 түрлі. Олар осы вирустардың таралу жолын тосу және алдын алу әдістерін табуға тырысты.

Маймылдан адамға вирустардың тарауы ең қауіпті аймақтар (қызыл түсті). Фото: BBC.

Олардың «Nature» басылымына жариялаған ғылыми мақаласында, жануарлардан адамға жұғуы ең тез болған 17 түрлі вирустың атын атаған. Олардың ішінде 10 түрлі вирусты жарғанат тектінің барлық түрі алып жүреді екен. Осыдан кейін осы жануарлардың қай аймақтарда адамдармен көбірек ұшырасатыны туралы зерттеу жасады. Негізінен кемірушілерден тарайтын вирустар әлемнің әр қайсы жерінде бар. Алайда Латын Америка құрлығы бұл жағында көш бастаған. Ал, вирустардың маймыл секілді өзге сүтқоректілерден адамдарға жұғымдалуы ықтималдығы жоғары аймақтар ретінде, Оңтүстік Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Оңтүстік Африка мен Латын Америкасы бар. Бұл аталған аймақтар болашақта адамзатқа зор қауіп тудыратын жаңа індеттердің ошағы болуы мүмкін екені көрсетілген.

“The Qazaq Times”