Қазақстан халқының саны 18 миллион болды деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев V дүниежүзі қазақтарының құрылтайында.
«Қазіргі таңда Қазақстан халқының саны 18 миллион. Жылына ел бойынша 400 мың бала дүниеге келеді. Аллаға шүкір біз осыншама уақыт аралығында халық санын сақтап қала алдық. Тәуелсіздік алған 1991 жылы Қазақстандағы қазақтардың саны 40 пайыз болатын. Қазір қазақтардың саны ел халқының 70 пайызын құрайды.» - деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен V дүниежүзі қазақтарының құрылтайында.
V дүниежүзі қазақтары құрылтайына 800 делегат қатысты. Олардың 350-і әлемнің 39 елінен келген қандастарымыз. Құрылтай Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында болды.