«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Қытай темір жолы арасындағы уағдаластыққа сәйкес, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Алтынкөл (ҚР) – Қорғас (ҚХР) шекара бекеттері арқылы «Астана-Алматы-Үрімші» бағыты бойынша темір жол байланысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Алтынкөл - рельстерінің ені әртүрлі екі елді байланыстырып жатқан ірі станция.
«Осы жерде екі пойыз паралель жолдарға қатар тұрып бір біріндегі жолаушылармен алмасады. Яғни, біздің жолаушылар қытайлық пойызға отырып, ондағы туристер біздің пойызға ауысып мінеді. Дәл сол кезде жолаушылар шекара мен кеден тексеруінен де өтіп үлгереді. Бұл уақытты үнемдейтін ең оңтайлы тәсіл,-дейді пойыз бастығы Эльвира Таштырова.
Пойыз 31 отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарынанан құралған және күн сайын қатынайды.