АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы мұсылман полицейлер ауызашарда бас қосты. Нью-Йорк полиция қызметінде істейтін көпшілігі түрк текті мұсылман полицейлер Таяу-Шығыс және Түрік ұйымы мешітінің ұйымдастыруымен бас қосып ауызашар жасады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ауызашарға Нью-Йорк қаласы полициясының бірқатар лауазымды басшылары да келіп қатысты. Сонымен бірге қалалық халық мәжілісінің төрайымы Мелисса Марк-Виверито да келген. Ол сөзінде аталған қалада 900 мұсылман полиция қызметкерінің бар екенін атап өтті. Ол және: «Қаладағы бұл көптүрлілік менің ең зор мақтанышым», – деген пікірін білдірді.
Ұйымдастырушылар жағы бұл шараның биыл екінші рет өткізіліп отырғанын, болашақта үзбей жалғастырып тұратынын айтып өтті. Бір Нью-Йорк қаласында ғана емес, Құрама Штаттың жер-жеріндегі түрлі салада қызмет ететін мұсылмандар Рамазан айында ауызашарда бас қосу шараларын ұйымдастырып келеді.