Осы жылдың бес айында мемлекет қазынасына салықтық емес жинақтардан 140,3 млрд теңге түскен, Бұл жылдық жоспардың 84%-ын құрайды, деп хабарлайды energyprom.kz.

Алайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салықтық емес түсімдер 20%-ға қысқарған. Бұған республикалық бюджетке түскен түсімдердің азаюы себеп болған. Мысалы өткен жылдың есептік кезеңінде түсімдер 150 млрд теңгені құраса, биыл бар болғаны 74 млрд теңге болған.

Айта кетейік, 2016 жылы 368 млрд теңге салықтық емес түсім арқылы мемлекет табысы рекордтық көрсеткішке ие болды және 2015 жылға қарағанда 64%-ға жоғары.

ОСы жылы негізгі салықтық емес түсімдерді мемлекет меншігі мен әкімшілік айыппұлдар құрап отыр. Мысалы мемлекеттік меншігінен түскен табыс қазынаны 49,8 млрд теңгеге толтырды. Байқоңыр кешенін пайдаланғаны үшін 21,1 млрд теңге төленген.

Әкімшілік айыппұлдар мен басқа да айып түрлері бойынша жинақ 26,7 млрд теңгені құрады және бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға жоғары. Ең көп айыппұл көлемі Алматы, Астана және Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

“The Qazaq Times”