АҚШ-тың «Вашингтон пост» басылымы, сол жердің жергілікті уақытымен бейсенбі күні кеште жариялаған хабарда, АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер, қазіргі кезде президенті Трамптың күйеу баласы әрі жоғары кеңесшісі Джаред Кушнердің қаржылық және бизнестік операцияларын тексеру үстінде екенін мәлімдеген. Мюллердің тергеуіндегі маңызды мәселелердің ішінде АҚШ президент сайлауына Ресейдің кедергі жасау ісі де қамтылады. Сонымен қоса Трамп командасының Ресей өкілдерімен астыртын байланыс орнату ісі де бар.
«Вашингтон пост» басылымының айтуынша, Мюллердің тергеуінің бір бөлегі – Кушнер мен Ресей Даму банкының басшсы Сергей Горковтың өткен жылы желтоқсан айындағы кездесуі. Бұл кезде Кушнердің отбасылық Жылжымайтын мүлік бизнесі Манхэттенде қаржылық көздерін іздеп жатқан кезі болатын.
Бір Кушнер ғана емес, Трамптың өзге де сенімді жақтастары да тергеуді қабылдауына тура келген. Тіпті әлде қашан қызметтен қуылған АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майк Флинн де тергеу нысанасының бірі. Бұдан өзге, сайлау науқаны кезіндегі команда басшысы Паул Манафорд және бұрынғы сыртқы саясат бойынша кеңесші Картер Пэйж де бар.
Қатысты адамдардың сәрсенбі күні аталған басылымға берген ақпаратына қарағанда, Мюллердің тексеру көлемі Трамптың бұрынғы бизнес серіктестеріне дейін кеңейген.