АҚШ CBS News-тың кешегі хабарында, Федералдық барлау басқармасының (FBI) президент Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен Ресейдің байланысы туралы тексеруді бастады. АҚШ жоғары лауазымдылары Кушнердің қолында аталған іске қатысты барлық құжаттар бар деп қарайды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Британдық ақпарат көздерінің бүгінгі бұл туралы хабарында, аты-жөні айтылмаған көптеген АҚШ лауазымдыларының анықтауы бойынша, қазіргі кезде бұл мәселеде Кушнерден ең басты күдікті. Бірақ бұл оның қылмысты екенін немесе толықтай күдікті адам екенін білдірмейді делінген.
Кушнер биыл 36 жаста, Жылжымайтын мүлік бизнеспен айналысқан, Трамптың үлкен қызы Иванка Трамппен үйленген, үш баласы бар. Қайын атасы президент сайлауына түсіп жатқан кезде ол Трамп командасы мен шетелдік үкіметтер арасындағы қатынасқа жауапты қызмет атқарған. Қайын атасы президенттік таққа отырғаннан кейін, Кушнер жоғары дәрежелі кеңесші лауазымымен сайлау кезіндегі қызметін жалғастырды.
BBC наурыз айында жариялаған хабарында, Кушнер Трамп командасы мен Мәскеу арасындағы байланыс туралы комиссияның сұрақтарын қабылдайтын болған. Кушнер Орталық барлау басқармасының тергеуін ерікті қабылдаған. Бұл тергеу болса көптен бері жұрт құлағы үйір болған – Ресей өткен жылғы президент сайлауға араласты ма, жоқ па деген мәселе.
АҚШ барлау агенттері Ресейдің араласуы Трамптың қарсыласы Хилларидің сайлауда жеңілісіне себеп болды деп күдіктенеді. Алайда, Кремль бұған жаттап алған «сандырақ» деген сөзімен жауап берді. Трамп та бір ауыздан «шылғи өтірік» деген еді.
Трамптың күйеу баласы Кушнер болса өткен жылы желтоқсанда Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен кездескенін мойындады. Бірақ, АҚШ медиа құралдары 27 наурыз күні Кушнер Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен кездесіп қана қалған жоқ, Ресейдің Сыртқы сауда банкінің жоғары өкілімен кездесті деп әшкерелеген болатын.