АҚШ ресми өкілдерінің сәрсенбі күні жариялаған хабарына қарағанда, АҚШ Қорғаныс министрлігі Теңіз әскери флотын Оңтүстік Қытай теңізінде әскери шарлау жасауға жіберген. Бұл Трамп АҚШ президент тағына келгелі бері алғаш реткі аталған теңіз аймағындағы алғаш реткі әскери әрекеті болып саналады. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.

АҚШ Теңіз әскери флотының бұл қимылы, Қытай тарапына жолдаған сигналы деуге болады. Яғни, АҚШ Тынық мұхитқа жалғасатын маңызды теңіз аумақтарын бөгетсіз етуге ниетті екенін аңғартып отыр. АҚШ теңіз күштерінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі шарлау әрекеттері былтырғы жылдың қазан айынан бері тоқтап тұрған еді.

Пентагонның ресми мәлімдемешісі бұл туралы түсінік беруден бас тартқан. Ол тек: «АҚШ теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізін қамтыған Азия-Тынық мұхит өңірінде күн сайын әрекеттер алып барып отырады. АҚШ-тың жасап жатқан әрбір әрекеті халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес, ешбір елдің мүддесіне қайшы емес», – деген түсініктеме жасады.

Қытай жақ өзіне жақын теңіз алаптарында АҚШ теңіз әскери күштерінің шарлау жасап жүруін қаламайтыны анық. Бейжің Трамп үкіметінің жолдаған бұл сигналына оң қабақ таныта алмай отыр. Осыдан бұрын Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймақтар үшін Обаманың ұстанған саясатын Трамп командасы сынап-мінеп келіп еді. Обама кезінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймақтарға ұшу-қону нысандарын салу, форттар мен әуежайлар орналастыру жоспарларын түгелдей айыптаған Трамп командасы қазір аталған даулы алаптарға өздері де бас сұғып отыр.

“The Qazaq Times”