Х Астана экономикалық форумы жұмысының бірінші күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Дүниежүзілік банк, Халықаралық қаржы корпорациясының, «Thomson Reuters», «Boston Consulting Group», «Verno Capital» компанияларының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында Ерболат Досаев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллерді Қазақстанға тікелей инвестициялар тарту процесіндегі Холдингтің рөлі туралы ақпараттандырып, Дүниежүзілік банк тобымен әріптестіктің басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік орнатуға мүмкіндік беретін бағыттар бойынша ақпарат алмасатын болып келісті.
Анықтама үшін: Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктың ықпал етуімен Қазақстан Республикасында жалпы сомасы 4,6 млрд. АҚШ доллары болатын 8 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Астана экономикалық форумының алаңында Ерболат Досаев «Verno Capital» басқарушы компаниясының аға серіктесі, инвестициялық стратегиялар бойынша басқарушысы Роланд Нэшпен кездесу өткізді. Тараптар инфрақұрылым, тағам өнеркәсібі және қаржы тартуға мүдделі экономиканың басқа да басым бағыттары бойынша біріккен инвестициялық жобалардың жоспарын құру мәселелерін талқылады.

Халықаралық қаржы корпорациясының басшылығымен өткен кездесуде тараптар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, шағын және орта бизнес бастамаларын қолдау бойынша әріптестік аясын кеңейту мәселесін қарастырды. Одан бөлек, тараптар Халықаралық қаржы корпорациясы арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында энерготиімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев «The Boston Consulting Group» Директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Брюкнермен және «Thomson Reuters» ТМД елдері бойынша басқарушы директоры Петр Марчевскиймен кездесті. Кездесу барысында «Бәйтерек» холдингі басшысы қонақтарды Холдинг пен оның еншілес ұйымдары қызметтерінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

“The Qazaq Times”