Астаналық кәсіпкерлер ЭКСПО-ның өтуі қарсаңында 56 хостел ашқан. Қазір олардың саны 92-ге жетіпті. Барлығы 4 мың қонақты қабылдай алады. Ал осы хостелдердің арасында арзаны бар ма? Астана әкімдігінің медиа орталығы қаланың сол жақ жағалауында, ЭКСПО-қалашыққа жақын жерде тұрақтау үшін қалтаңыздың қалың болуы міндетті емес екенінін анықтап көріпті.

Елорданың көптеген хостелдері 5 адамнан 20 адамға дейін тұра алатын номерлер ұсынады. Олардың құны тәулігіне 3 мыңнан 5 мың теңге аралығында. Екі орынды номер ұсынатын хостелдер де бар, алайда олардың бағасы тәулігіне 7 мыңнан 10 мың теңгеге дейін.

Шағын қонақ үйлер тұрақтаушыларға жаман қызмет ұсынбайды. «Триумф Астана» тұрғын үй кешеніндегі «Турист» хостелінде бір орынның бағасы тәулігіне 3,5 мың теңге.

-Біздің хостелде төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ беріледі. Бұл жерде келушілер жайлылығы үшін душ, кір жуу машинасы, телевизор, компьютер барлық қажетті заттар қарастырылған. Сонымен қатар бұл жерде орынды алдын ала брондай аласыз.Төлегені жөнінде түбіртек беріледі, бұл ісспармен келгендер үшін өте маңызды, - дейді «Турист» хостелінің әкімшісі Сабыр Көркембаев.

Хостелдің ерекшелігі бір қабаттағы бөлмелер ер азаматтар үшін, келесі қабатта әйелдерге арналады. Кешеннің хостел орналасқан бірінші қабатында бассейн, фитнес-зал, асхана, дүкен бар. Кейбір тұрақтаушылар бұл жерде біраз уақыт тұрады. Ай сайынғы төлем 40 мың теңгені құрайды. Әр қабатта құнды құжаттар мен заттарды сақтауға арналған сейфтер бар.

Сол жақ жағалаудағы жаңа хостелдердің тағы бір артықшылығы – Елорданың көрікті жерлеріне жақын орналасуы. ЭКСПО көрмесі мен әуежайға тез жетуге де мүмкіндік мол.

40 келушіге лайықталған нағыз жайлы үйге «Тhе roomshostel» арқылы қол жеткізуге болады. Жалпыға арналған қонақжай орнында теледидар көруге немесе ноутбукпен жұмыс істеуге болады.

-Біз мұнда Елорда қонақүйлерінен арзан бағада қолайлы жағдай жасаймыз. Тұрақтайтын қонақтар үшін электр құрылғылары бар ашық асхана, кір жуатын машина, Wi-Fi қарастырылған. Мұның бәрі қонақүйлерден едәуір төмен бағада ұсынылады. Тәулігіне 4 мың теңге. Сондай-ақ, таңертеңгі, түскі, кешкі астарды да жеке төлем бойынша әзірлеп береміз, - дейді хостел иесі Гүлжан Кенжеғалиева.

Медиа орталықтың мәліметінше, «АстанаКонвеншн Бюро» ЖШС-нде қаладағы барлық хостелдер туралы ақпарат бар: орналасқан жері, орынның бағасы, көрсетілетін қызметтер және т.б. Қажет болған жағдайда«Конвеншн Бюро» мамандары тұратын жерді тауып бере алады. ТуристерАстанаәкімдігінің брондау бөліміне 8-775-116-71-74, 8-777-772-05-06 және 8(7172) 27-78-15, 8(7172) 27-78-21 және қалалық нөмірлері бойынша, сондай-ақ, сall-орталықтың 8-800-080-38-38 нөміріне хабарласып мәлімет ала алады.

“The Qazaq Times”