АҚШ ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, АҚШ-тың Колумбия және Мэриленд штаттарының бас прокурорлары дүйсенбі күні хабарлама жариялап, президент Дональд Трамп үстінен шағымданғанын айтты. Олар АҚШ президенті жемқорлыққа қарсы Конституция ережелерін бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Аталған штаттардың прокурорлары Конституцияның «Сый ақы туралы бабы» Трамп жағынан қайшылыққа ұшырады деп айыптады. Аталған бапта «АҚШ шенеуніктері шетелдік үкіметтің берген тарту-таралғыларын қабылдамайды» деп белгіленген.
Мэриленд штатының прокуроры, Демократтар партиясының мүшесі Брайн Форш мен Колумбия ерекше округінің бас прокуроры «Ушингтон пост» басылымына жариялаған пікірінде: «Біз алға тартқан заң ереже президенттен елдің ұлттық мүддесін басты орынға қоюды талап етеді. Керісінше, жеке мүддені бірінші орынға қоюға болмайды. Ал біздің президент жеке мүддемен ел мүддесін әлі ажырата алмай жүр», – деп сынға алды.
Олар өздерінің шағымын сотқа жолдағанын айтып отыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр