АҚШ Әуе күштері 9 маусым күні жариялаған хабарламада, Аризона штатына орналасқан негізгі әуе базасы – Luke Air Force Base орталығында F-35 тұрпатты 5 ұшақта қауіпті ақау табылғанын растады. АҚШ Әуе қорғаныс күштерінің ресми мәлімдемешісінің айтуынша бұл 5 ұшақтағы ортақ ақау ұшақтардың ұшу кезінде байқалған. Яғни, ұшу кезінде ұшқыштар кабинасына оттегі жетіспеушілік орын алған. Бұл туралы Xinhua.Net хабарлап отыр.
АҚШ Әуе қорғаныс күштерінің мәлімдемешісі Марк Графтың айтуына қарағанда, ұшқыштар көмекші оттегі толықтау құралының көмегінде, ұшу міндетін орындаған. Адам және ұшақ шығыны болмаған. Осы оқиғалардан кейін Luke Әуе қорғаныс базасы F-35 жойғыш ұшақтарын ұшудан тоқтатты. Дегенмен, бүгіннен бастап (12 маусымнан) қайта пайдалануға рұқсат етті. Бұл шектеу мен рұқсат беру шешімін бір ғана Luke Әуе қорғаныс орталық базасы беріп отыр. Себебі, өзге F-35 жойғыш ұшақтарын пайдаланатын әуе базаларында мұндай ақаулар кездеспеген.
Қазір аталған база орталығы кемшілік табылған 5 ұшақты толықтай тексеруге, әуе күштері авиациялық операцияларының бір топ инженерлерді және техниктер тобын құрды.
F-35 жойғыш ұшақтарынан кемістіктер табылуы тұңғыш рет болып отырған жоқ. 2013 жылы Мэриленд штатындағы әуе базасындағы F-35 жойғыш ұшағының бірі ұшу кезінде ұшқыштар кабинасынан қара түтін толып кету ісі туылған. Кейін оның себебі Литий батареясынан деп көрсеткен болатын. 2014 жылы маусымда Eglin әуе армиясы базасында F-35A тұрпатты ұшақ өртеніп кетіп, Пентагон арнаулы ескерту жасаған болатын. Ал, осыдан бір ай бұрын тағы бір F-35 жойғыш ұшағынан ұшу кезінде жанармай төгілуі оқиғасы туылған болатын. Бұл оқиға АҚШ Әуе қорғаныс саласында үлкен сөз болып еді.