Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кездесу отырысында, ШЫҰ алғаш рет кеңейіп, құрамына Үндістан мен Пәкстанды қосып алды. Аталған екі елдің ШЫҰ-ға мүше болуын ұйымның жаңа тарихын бастады деуге болады. Елбасының басшылар кездесуінде сөйлеген сөзінде де жаһандық қауіпсіздік үшін де ШЫҰ-ның ықпалы артып отырғанын баса айтып өтті. Себебі, Үндістан мен Пәкстанның қосылуымен ұйымда 4 ірі ядролық держава бар болып отыр. Сонымен бірге ұйым Қытай, Ресей және Орта Азия елдерін қамтыған әлем халқының жартысына жуығын қамтып отыр.

Алдағы уақытта Иран да Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше болуға ұмтылыс танытып отыр. Санкциялар алынып тасталғаннан кейін, Иранның мүше болуын ұйымға мүше бірнеше ел қолдап отыр. Ал, Ресей болса бастан аяқ Иранға жоғары қолдау көрсетіп келеді. Соңғы жылдарда ұйымдағы көзқарастардың ұқсамастығы көрініп келеді. Дегенмен әліде ұйымда бірдейлілікке ұмтылу басымырақ.

Ұйымның басты мақсаты кейбір көмескі қатерлер мен қауіпсіздік мәселелерінен бастап, экономикалық ынтымақтастық, мәдени ықпалдастық секілді функцияларды қамтиды. Негізгі мақсаттар болса – терроризм, экстремизм және сепаратизмге бірлесе қарсы тұру.

Қытайдың ШЫҰ-ны кеңейтудегі басты мақсаты:

Қытай жөнінен алғанда ШЫҰ өзінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының дамытудағы интеграция құрылымымен бірдей. Бұл бағдарламадан қарағанда Қытай өзінің Шанхайдан басталған инфрақұрылымдық жобаларды Еуразиялық аймақтарға дейін жалғастыруының басты құралы еткелі отыр. Ал, Үндістан мен Пәкістанның ұйымға мүше болуын қолдау мақсаты «Бір белдеу бір жол» бағдарламасының оңтүстік желісінде осы екі елдің қолдауын және ұйым арқылы өз ықпалының артуын көздеді деуге толықтай негізіміз бар.

Ресейдің  ШЫҰ-ны кеңейтудегі басты мақсаты:

Ресей Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын кеңейту арқылы, Батысқа көбірек қарсы тұрып, одан тыс елдерде де ықпалын арттыруды көздеді. Сонымен бірге ұйымның өз ішінде Қытайдың ықпалының артып кетпесі үшін, Иран мен алыстағы Үндістанды қолдап отыр. Ресей басшысы Путин сөзінде: «Біздің өңірде процестер және тұтастай алғанда, халықаралық аренада процестер белсенді әсер етуімізге қосымша мүмкіндіктер береді», – деді.

Десе де, дербес сарапшылардың айтуына қарағанда, ШЫҰ-ның кеңеюі ұйым ішінде Қытайдың ықпалының артуын келтіріп шығаруы мүмкін екен. Сонымен қоса, ұйымдағы мақсаттардың әр басқа болуы ұйымның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді деген көзқарастар да бар.

“The Qazaq Times”