Иран орталық қаласы Теһранда (Тегеран) 10 мыңнан астам полиция қызметкерлері қала халқының амандығын қорғау үшін шарлауға жұмылдырылды. Олар Теһран тұрғындарын лаңкестік шабуылдардан зардап шегуінің алдын алу үшін күндіз және түнгі кезекте шарлауды тынбай жалғастырмақ. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлайды.
Осы аптада орын алған ИИР орталық қаласындағы лаңкестік шабуылдан кейін, ел астанасындағы сақтық шаралары күшейтілді. 20 мың қарулы сақшы күндіз және түнгі кезекте шарлау қызметін атқаруда. Бұған қоса мыңнан астам арнайы жасақ та лаңкестік шабуылдардың алдын алу үшін жұмылдырылған.
Иран полиция тараулары жариялаған мәліметте: «Біз орталық қалада және еліміздің жер-жерінде терроршыл топтар мен оны қолдаушылардың Иран халқына зиян келтіруіне жол бермейміз. Ирандықтардың діни сенімі мен рухани құндылықтарын қорғауға серт береміз», – десті. Қазір Иранның жер-жерінде осы тектес шаралар күшейтілуде.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?