Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұраға қалған электр энергиясы, су және табиғи газды енді халыққа тегін бермейді. Яғни халық бұл жүйемен қоштасуына тура келеді, деп хабарлайды Reuters. Мұндай ақпаратты елдің жергілікті БАҚ өкілдері үкіметтің қаржылық қиындықтарға тап болуымен байланыстырып отыр.
Түркіменстанның 5,5 млн халқы осы күнге дейін, яғни 24 жыл бойы табиғи газ бен электр қуатын шектеулі болса да тегін пайдаланып келген. Ал 2014 жылға дейін бензин тегін болған (айына 120 литр).
TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркіменстан басшысы Үкімет отырысы кезінде "әлеуметтік жеңілдіктерді ұсынудың тиімсіз екенін, алдағы уақытта бұл жеңілдіктерге тек шын мұқтаж жандар ғана ие болатынын" айтқан.
Түркіменстанның табиғи газын ең көп тұтынантын Ресей 2016 жылдан бастап көгілдір отынды сатып алуды тоқтатқан соң елдің экспорты айтарлықтай қысқарды. Ал 2016 жылдың желтоқсанында Иран Ашхабадпен төлем жүйесіне байланысты болған кикілжіңнен соң түркімендіктердің газын сатып алмаған.
Нәтижесінде Түркіменстанның газын тұтынатын жалғыз ел Қытай болып қалды. Бұл ел жылына 35-40 млрд кубметр газ сатып алады.
Халықаралық валюта қорының болжамына сенсек, Түркіменияның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы соңғы үш жылдан бері ЖІӨ-нің 0,7%-ын құрайды. Ал мемлекеттік кіріс осы жылы ЖІӨ-нің 12,4%-ын құрауы мүмкін. Дегенмен бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға төмен. Бұл кезде газ экспортының көлемі өте жоғары болған.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді